Биология, 7 сынып, Сапаров К., Азимов И., Умаралиева М., 2022

Биология, 7 сынып, Сапаров К., Азимов И., Умаралиева М., 2022.

Книги по биологии для 7 класса на казахском языке.

   Сен, 1–6-сыныпта оқып жүргеніңде “Табиғи пәндер” оқулығында табиғат жайында көптеген түсінік және атаулар, заңдылықтармен таныстың. Бұл жыл сен жаңа пән – биологияны үйренуді бастайсың. “Табиғи пәндер” оқулығында алған білімдеріңді енді сен үшін жаңа пән – биология арқылы тереңдетіп барасың. Қолыңдағы мына оқулық біліміңді жетілдіруге көмек береді. Биология тірі организмдердің құрылысы және тіршілік заңдылықтары, көптүрлілігі, тарихи және жеке даму заңдылықтарын, сонымен адамзаттың тірі табиғатқа әсерін үйретеді.
Бұл оқулық көмегінде сен биология сабағында және өз бетіңше бактериялар, протисталар, саңырауқұлақтар және өсімдіктер, жануарлардың құрылысы мен тіршілік заңдылықтарын, олардың көбеюі мен дамуын, тірі организмдердің көптүрлілігін, олардың табиғат және адамзат өміріндегі маңызы туралы білімге ие боласың.

Биология, 7 сынып, Сапаров К., Азимов И., Умаралиева М., 2022


ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ.
МӘСЕЛЕНІ АНЫҚТАЙМЫЗ. 1-пікір. Тірі организмдердің әр түрлі классификациясы олардың құрылысы мен қасиеттерін толық түсініп алуға мүмкіндік береді. 2-пікір. Тірі организмдердің келіп шығуы мен туыстығына қарай классификациялау олардың құрылысы мен қасиеттерін толық бейнелейді. Осы пікірлердің әрқайсысына өз ойыңды білдір.

ЖАҢА БІЛІМДЕРДІ АШАМЫЗ. Біздің планетамызда өмір сүретін тірі организмдер таң қалатын дәрежеде алуан түрлі. Жерде тірі организмдердің неше түрі бар? Ғалымдардың шамамен есептеуіне қарағанда, дүниеде 8 миллионға жуық организм түрлері бар болып, олардың 2 миллионға жуығы зерттелген. Планетамыздағы өмірдің алуан түрлілігін үйренуге оңай болуы үшін оларды белгілі бір тәртіпке келтіру керек, яғни организмдердің белгілі бір қасиеттеріне сүйене отырып ретке келтіру керек. Тірі организмдердің қайсы қасиеттері маңызды? Мысалы, агрономдар өсімдіктерді жабайы және мәдени, көкеністер мен жемістерге ажыратады. Фармацевттер өсімдіктерді дәрілік қасиеттеріне қарай классификациялайды. Бұл жіктелудің барлығы маңызды, бірақ олар тек қана экономикалық міндеттерді атқаруға ғана қаратылған. Барлық тірі организмдер үшін бірегей болған классификацияны қалай жаратуға болады? Осыған ұқсас мәселені өзара туыстық дәрежесіне қарай систематика пәні шешеді. Систематика тірі организмдерді сыртқы және ішкі құрылысындағы ұқсастық дәрежесіне қарап белгілі бір тәртіпте – система (тізім)ға салумен айналысады. Екі оқушы бәстесіп қалды.

МАЗМҰНЫ.
I тарау. ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ.
1.1. Биология – тіршілік туралы пән.
1.2. Тірі организмдердің көптүрлілігі.
1.3. Бактериялар. Протоктисталар. Саңырауқұлақтар.
1.4. Өсімдіктердің көптүрлілігі. Споралы өсімдіктер.
1.5. Тұқымды өсімдіктер.
1.6. Омыртқасыз жануарлардың көптүрлілігі.
1.7. Омыртқалы жануарлардың көптүрлілігі. Балықтар, амфибиялар, рептилиялар.
1.8. Құстар және сүтқоректілер.
1.9. Практикалық жұмыс. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің негізгі систематикалық топтарын үйрену.
II тарау. ТІРШІЛІКТІҢ МОЛЕКУЛА ЖӘНЕ ЖАСУША ДӘРЕЖЕСІ.
2.1. Жасуша – тірі организмдердің түзілу бірлігі.
2.2. Ұлпалар.
2.3. Зертханалық жұмыс.
1. Үлкейтіп көрсететін аспаптар.
2. Өсімдік ұлпасынан уақытшалық препарат дайындау.
III тарау. МҮШЕ ЖӘНЕ МҮШЕЛЕР СИСТЕМАСЫ.
3.1. Гүлді өсімдіктердің вегетативтік мүшелері. Тамыр.
3.2. Өркен.
3.3. Практикалық жұмыс. Вегетативтік мүшелердің метаморфозын үйрену.
3.4. Өсімдіктердің генеративтік мүшелері. Гүл.
3.5. Жеміс.
3.6. Адам және жануарлардың мүшелері және мүшелер системасы.
IV тарау. КООРДИНАЦИЯ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ.
4.1. Тірі организмдердің өзін-өзі басқаруы.
4.2. Практикалық жұмыс. Рефлекс доғасын модельдеу.
4.3. Жүйке жүйесі.
4.4. Зертханалық жұмыс. Жауын құрттың рефлексін бақылау.
V тарау. ҚОРЕКТЕНУ.
5.1. Организмдердің қоректенуі.
5.2. Жобалық жұмыс. Минералды тыңайтқыштардың өсімдіктің дамуына әсерін үйрену.
5.3. Зертханалық жұмыс. Жапырақта органикалық заттардың түзілуі.
5.4. Жануарлардың қоректенуі.
5.5. Адамның асқорыту жүйесі.
5.6. Практикалық жұмыс. Асқорыту жүйесін модельдеу.
VI тарау. ТЫНЫС АЛУ.
6.1. Тыныс алудың маңызы. Өсімдіктердің тыныс алуы.
6.2. Адам және жануарлардың тыныс алуы.
6.3. Зертханалық жұмыс. Өсімдіктердің тыныс алуын үйрену.
6.4. Практикалық жұмыс. Фотосинтез және тыныс алуды салыстыру.
VII тарау. ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДЕ ЗАТТАРДЫҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ.
7.1. Өсімдіктерде заттардың тасымалдануы.
7.2. Зертханалық жұмыс. Өсімдіктерде заттардың тасымалдануын үйрену.
7.3. Зертханалық жұмыс. Жапырақтардың суды буландыруын үйрену.
7.4. Омыртқасыздардың қанайналым жүйесі.
7.5. Практикалық жұмыс. Омыртқасыздардың қанайналым жүйесін модельдеу және салыстыру.
7.6. Омыртқалылардың қанайналым жүйесі.
7.7. Практикалық жұмыс. Омыртқалылардың қанайналым жүйесін модельдеу және салыстыру.
VIII тарау. ЗӘР ШЫҒАРУ(ЭКСКРЕЦИЯ).
8.1. Зәр шығару.
8.2. Адам және жануарлардың зәр шығаруы.
8.3. Практикалық жұмыс. Адамның зәр шығару жүйесін модельдеу.
IX тарау. ҚОЗҒАЛЫС.
9.1. Тірі организмдердің қозғалысы.
9.2. Жобалық жұмыс. Өсімдіктердегі фототропизм, фотонастия, геотропизм құбылысын бақылау.
9.3. Омыртқасыздардың қозғалыс мүшелері.
9.4. Зертханалық жұмыс. Инфузория кебісшенің қозғалысын бақылау.
9.5. Омыртқалылардың тірек-қозғалыс мүшесін бақылау.
9.6. Практикалық жұмыс. Омыртқалы жануарлардың тірек-қозғалыс жүйесін модельдеу.
X тарау. РЕПРОДУКЦИЯ, ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ.
10.1. Организмдердің көбеюі.
10.2. Жобалық жұмыс. Өсімдіктердің вегетативтік көбеюін үйрену.
10.3. Өсімдіктердің жеке дамуы.
10.4. Практикалық жұмыс. Тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклын үйрену.
10.5. Жануарлардың көбеюі.
10.6. Жануарлардың жеке дамуы.
10.7. Практикалық жұмыс. Жануарлардың тура және түрленіп дамуын салыстыру әдісі бойынша үйрену.
XI тарау. ТҮР, ПОПУЛЯЦИЯ, ЭКОЖҮЙЕ, БИОСФЕРА.
11.1. Түр, популяция.
11.2. Практикалық жұмыс. Тірі организмдердің сыртқы ортаға бейімделуін үйрену.
11.3. Экожүйелер. Биосфера.
11.4. Практикалық жұмыс. Қоректік тізбек және қоректік тор түзу.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Биология, 7 сынып, Сапаров К., Азимов И., Умаралиева М., 2022 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Теги: :: :: :: :: ::


 


 

Книги, учебники, обучение по разделам




Не нашёл? Найди:





2024-12-21 16:39:20