Дене тəрбиесi, 2 сыныб, Махкамжонов К., Хужаев Ф., 2018.
Учебник по физкультуре для 2 класса на казахском языке.
Сендер 1-сыныпта дене шынықтырудың қалай келiп шыққаны, оның өмiрдегi орны туралы мəлiметтерге ие болдыңдар жəне əрбiр адам өз денесiн жетiлдiру үшiн дене шынықтырумен шұғылдануы керек екенiн түсiндiңдер.
Дене шынықтыру арқылы дене қимылдарын орындау əдiстерiн үйренiп, дербес жаттығу жасай алатын болдыңдар.
Дене тəрбиесi сабағына ерекше көңiл бөлiп, онымен достасып алған мақұл. Себебi, дене тəрбиесi сабақтарында сендер өмiрде керек болатын бiлiм мен түрлi қимыл-қозғалыстарды, дағдыларды, бi лiктiлiктi игерiп аласыңдар. Қосымша жаттығулармен жəне спортпен шұғылдану арқылы дене шынықтыру бойынша дайындықтарыңды жетiлдiресiңдер.
Құрметтi оқушылар! Əрқашан саусаламат, күштi, ақылды, əдептi болуға тырысыңдар!
