Учебник по математике для 5 класса на казахском языке.
Сен осы оку жылында да математикамен танысуды жалғастырасың. Математика мыңцаған жылдар бұрын адам қажеттілігінің өнімі ретінде пайда болған. Оның дамуына ұлы бабаларымыз - шығыстың белгілі ғұламалары, математик ғалымдар үлкен үлес қосқан. Бүгінде ешбір адам математиканы білместен тұрып тұрмысын жақсы дей алмайды. Математика ссған жай есеп-қисапты үйретіп қана қоймастан, ең бастысы - сені логикалық ойлауға, пікірлеуге, өмірлік проблемалардың ең баламалы шешімін табуға көмектеседі, ақылыңцы шарықтайды.
Қолыңдағы бұл оқулық ізгі мақсаттарыңцы жүзеге асыруда саған серік, мінсіз көмекші болады. Одан тек математикаға қатысты мәліметтермен ғана емес, техника, ғылым, қоршаған орта мен күнделікті тұрмысқа қатысты қызықты және пайдалы мәліметтермен танысасың. Бұл мәселелерді түрлі есеп және мысалдармен саған ұсынып отырмыз.








