Дүние тарихы, 10 сынып, Эргашев Ш., Ходжаев Б., Абдуллаев Ж., 2022

Дүние тарихы, 10 сынып, Эргашев Ш., Ходжаев Б., Абдуллаев Ж., 2022.

Книги по истории для 10 класса на казахском языке.

   Аталмыш оқулықта жаңа дәуірдің соңғы кезеңі және ең жаңа дәуірде болған маңызды оқиғалардың баяндалуымен бірге, қоғам өркендеуінің қазіргі кезеңі, сондай-ақ бүгінгі күнде дүние сахнасында болып жатқан кейбір оқиғалардың келіп шығу себептерін талқылау мүмкіндігін беретін және оқушыларды тәуелсіз пікірлеуге үндейтін, олардың дүниетануын кеңейтіруге қаратылған тарихи мәліметтер келтірілген. Бұл мәліметтер әлем халықтары мәдениетінің әрбіреуі қайталанбас және бірегей екендігін, адамгершілік пен отансүйгіштік факторлары, азаматтық қоғамы мен құқықтық мемлекет идеяларына негізделген жалпыадамилық құндылықтарды танып білуге көмектеседі. Дүние және қоғам өркендеуінің қажетті заңдылықтары мен өзіне тән жолдарын біліп алу және болашақ туралы ой-пікірлеріне ие болу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ озат мемлекеттердің тарихи тәжірибесін Өзбекстанда шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік беретін білімдерді қалыптастырады.

Дүние тарихы, 10 сынып, Эргашев Ш., Ходжаев Б., Абдуллаев Ж., 2022


Индустриалды өркениеттің пайда болуы.
XVIII ғасырдың соңында басталған өнеркәсіп төңкерісі тек өнеркәсіптің емес, ауыл шаруашылығының да дамуын белгілеп беріп, бүкіл XIX ғасыр барысында көптеген мемлекеттер өркендеуінің негізгі маңызына айналып қалады. Алғаш Англия, оның артынан Франция, біраз кейіндеу АҚШ, Германия, Австро-Венгрия, Италия, Ресей әртүрлі жылдамдықпен болса да, сол жолдан барды. Солайша, ғалымдар индустриалды өркениет деп атаған, бас құндылықтары техникалық өркендеу және адам еркіндігі болған өркениет XIX ғасырда Еуропа мен АҚШ-та үзілді-кесілді шешім тапты және дерлік екі ғасыр барысында әлем халықтары өркендеуінің мазмұнына айланды.

Ғылым мен техника саласында қол жеткізген жетістіктер тұрмыстық өмірдің дамуына да үлкен әсер етті. Ғасырлар барысында теңіз және мұхиттарда жүзіп жүрген желкенді кемелермен бірқатарда пароходтар пайда болды. Еуропа мен Солтүстік Америка мемлекеттерінің қалалары темір жол жүйесімен байланысты және бұл өнеркәсіп пен сауданың дамуына үлкен түрткі болды. 1870 жылдарда электроқозғалтқыштар, электролампа, телефон, сәл кейінірек радио ойлап табылды. 1880–1890 жылдар бастарында электр энергиясын сымдар арқылы ұзақ қашықтыққа жеткізіп беру мүмкіндігі пайда болды, бензинде істейтін алғашқы ішкі жанатын қозғалтқыштары жаратылып, содан соң алғашқы автокөліктер, кейіндеу ұшақтар пайда болды.

МАЗМҰНЫ.
Кіріспе.
I ТАРАУ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ МЕМЛЕКЕТТЕРІ: ИНДУСТРИАЛДЫ ӨРКЕНИЕТТІҢ ОРНЫҒУЫ.
1-тақырып. Индустриалды өркениеттің пайда болуы.
2-тақырып. «Тағы да Ұлыбритания» үшін: жаңа экономикалық және идеологиялық жүйенің пайда болуы.
3-тақырып. Франция және Германия: Еуропада жетекшілік үшін күрес.
4-тақырып. Шығыс Еуропа және Ресей: қоғамды реформалау проблемалары.
5-тақырып. Екі түрлі Америка: Солтүстік және Оңтүстік Америкада өркендеу бағыттары.
6-тақырып. Жапония, Қытай және Үндістан: реформаларының азиялық жолы.
7-тақырып. Ислам өркениеті мемлекеттерінде дәстүршілдік пен реформашылық арасындағы күрес.
8-тақырып. Африка мемлекеттерінде отарлау және өркендеу мәселелері.
II ТАРАУ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӨРКЕНИЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ ЕКІ БАҒЫТЫ: ЛИБЕРАЛДЫҚ ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ ТОТАЛИТАРЛЫҚ-АВТОРИТАРЛЫҚ ДИКТАТУРА.
9-тақырып. Бірінші дүниежүзілік соғыстың пайда болу себептері мен салдары.
10-тақырып. Либералды-демократиялық мемлекеттерде дамудың жаңа проблемалары.
11-тақырып. Тоталитарлық және авторитарлық диктатура мемлекеттері: жаңа соғыс ошағының пайда болуы.
12-тақырып. Азия мемлекеттеріндегі тәуелсіздік және даму мәселелері.
13-тақырып. Африкада ұлттық ояну және тәуелсіздік идеяларының пайда болуы.
14-тақырып. Екінші дүниежүзілік соғыстың пайда болу себептері мен салдары.
III ТАРАУ 1945–1991 ЖЫЛДАРДА ЕУРОПА МЕН СОЛТҮСТІК АМЕРИКА МЕМЛЕКЕТТЕРІ.
15-тақырып Батыс Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттері дамуының негізгі бағыттары.
16-тақырып КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттерінің негізгі даму бағыттары.
17-тақырып АҚШ: жаңа көшбасшының пайда болуы.
18-тақырып Ұлыбритания мен Франция: жаңа Еуропаны құру.
19-тақырып Германия мен Италия: жеңілістен кейінгі даму.
20-тақырып Батыс Еуропада экономикалық және саяси интеграциялық үдерістер.
21-тақырып Оңтүстік және Солтүстік Еуропа мемлекеттері: диктатура және демократия.
22-тақырып Кеңес Одағында реформалар мен дағдарыс: империяның соңы.
23-тақырып Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері тоталитаризм мен демократияның аралығында.
IV ТАРАУ ОЯНЫП ЖАТҚАН ӘЛЕМ: 1945–1991 ЖЫЛДАРДА АЗИЯ, АФРИКА ЖӘНЕ ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІ.
24-тақырып Азия, Африка және Латын Америкасы мемлекеттері дамуының негізгі бағыттары.
25-тақырып Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея: Азиялық өркениет құндылықтары мен Батыстық өндіріс әдісінің үйлесімі.
26-тақырып Үндістан мен Пәкістанда тәуелсіздіктің күрделі жолы.
27-тақырып Түркия, Иран және Ауғанстан: діни құндылықтар және заманауи өркениет мәселелері.
28-тақырып Сирия, Ирак және Оңтүстік-Батыс Азия мемлекеттері.
29-тақырып Латын Америкасында ұлттық реформашылық пен өркендеудің басқа жолдары.
30-тақырып Африкадағы тәуелсіздік, кедейлік пен даму мәселелері.
31-тақырып XX ғасырдың екінші жартысында ғылым мен мәдениетінің дамуы.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Дүние тарихы, 10 сынып, Эргашев Ш., Ходжаев Б., Абдуллаев Ж., 2022 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Теги: :: :: :: :: ::


Следующие учебники и книги:
Предыдущие статьи:


 


 

Книги, учебники, обучение по разделам




Не нашёл? Найди:





2024-11-14 10:34:04