Учебник по географии для 10 класса на казахском языке.
География ең ежелгі ғылымдардың бірі екендігі бесенеден белгілі, ол зерттейтін құбылыстар аясы да өте ауқымды. Алғаш рет Сен 5-сыныпта география пәні туралы “Жер бетінің табиғатын, халқын және адамның шаруашылық қызметін зерттейтін пән” деп берілген ұғыммен танысқан едің. Бертін келе география пәнінің зерттеу нысаны географиялық қабық екенін де біліп алдың.
ЖЕР БЕТІ ТАБИҒАТЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
Жердің пайда болуы туралы бүгінгі заман теорияларына қарағанда, Жер өз басынан күрделі даму кезеңдерін өткізген. Соңғы жылдардағы мәліметтерді негізге алсақ, Жердің дамуын астрономиялық, геологиялық, биологиялық және антропогендік кезеңдерге бөлуге болады. Астрономиялық кезең 5 – 4,6 млрд жылдар аралығын қамтиды. Бұдан 5 млрд жыл бұрын ғарыштағы дисктәрізді газдар мен шаңдар массасының гравитациялық механикалық қоюлануы нәтижесінде Күн жүйесіндегі өзге ғаламшарлар сияқты Жер де шартәрізді пішінге ие болған. Жер қалыптаса бастаған уақытта радиоактивті элементтердің бөлшектенуі себепті бөлініп шығатын жылудың есебінен оның ішкі бөлігі бірте-бірте қызып, материялардың сұрыпталуына әкелген. Соның нәтижесінде Жердің түрлі қабаттары түзіле бастаған, жанартаулардың қозғалысқа келуі байқалған.
Жанартаулар мен тектоникалық қозғалыстардың басталу кезінен Жердің геологиялық кезеңі бастау алады. Жер қыртысы жүздеген миллион жыл барысында тұрақты өзгерісте болған, материктер біресе қалыптасып, біресе бөлшектенген. Материктер тұрақты қозғалыста болған, кейде бірігіп, ірі материктерді түзген.
МАЗМҰНЫ.
І тарау. ГЕОГРАФИЯ ПƏНІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТАРИХЫ.
§1. География ғылымдары жүйесі туралы ұғым.
§2. География ғылымының тарихы және оның бүгінгі таңдағы дамуы.
ІІ тарау. ЖЕР ТАБИҒАТЫ.
§3. Жер жүзі табиғаты дамуының ғарыштық себепшарттары.
§4. Жердің ішкі құрылысы және тектоникалық үдерістер.
§5. Жер беті табиғатының даму тарихы.
§6. Географиялық қабық және оның жалпы заңдылықтары.
§7. Географиялық қабықтың ендік зоналылығы және секторлығы.
§8. Биіктік белдеулену заңдылығы.
§9. Геожүйелер және олардың сатылылығы.
ІІІ тарау. ҚОҒАМ ЖƏНЕ ТАБИҒАТ.
§10. Қоғам мен табиғат ортасындағы қатынастар.
§11. Антропогендік ландшафтар.
§12. Табиғатты қорғаудың географиялық негіздері.
ІV тарау. ҚОЛДАНБАЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР.
§13. Табиғи географиялық үдерістер.
§14. Географиялық бағалау.
§15. Географиялық болжам.
§16. Қоршаған орта мониторингі және географиялық-экологиялық сараптама негіздері.
V тарау. ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ХАЛҚЫ.
§17. Дүние жүзінің халқы және заманалық демографиялық жағдай.
§18. Урбанизация үдерісінің жаһандық және аймақтық жақтары.
§19. Халықаралық миграция үдерістері мен проблемалары.
VІ тарау. ДҮНИЕНІҢ ГЕОСАЯСИ СИПАТЫ ЖƏНЕ ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР.
§20. Дүниенің геосаяси жүйесі және оның қалыптасуы.
§21. Əлемдегі заманалық геосаяси жағдай. Мемлекеттердің интеграциялық бірлестіктері.
§22. Адамзаттың жаһандық проблемалары.
VІІ тарау. ЕУРОПА ЖƏНЕ АМЕРИКА СУБАЙМАҚТАРЫ.
§23.Еуропа субаймақтары.
§24. Латын Америкасы.
§25. Кариб алабының арал-мемлекеттері.
VІІІ тарау. АФРИКА СУБАЙМАҚТАРЫ.ОКЕАНИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ.
§26. Африка субаймақтары.
§27. Океания мемлекеттері.
ІХ тарау. АЗИЯ СУБАЙМАҚТАРЫ.
§28. Оңтүстік-батыс және Оңтүстік Азия мемлекеттері.
§29. Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері.
§30. Орталық Азия мемлекеттері.
Х тарау. ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ.
§31. Өзбекстанның геосаяси орны мен қарым-қатынастары.
§32. Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
§33. Өзбекстанның геоэкологиялық проблемалары.
§34. Қайталау сабағы.
Ұғымдар мен терминдердің түсіндірме сөздігі.
Қосымша мәліметтер.
Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу География, 10 сынып, Шарипов Ш.М., Федорко В.Н., Сафарова Н.И., Рафиқов В.А., 2017 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.
Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу
Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:
Теги: учебник на казахском языке :: география :: Шарипов :: Федорко :: Сафарова :: Рафиқов :: 10 класс
Смотрите также учебники, книги и учебные материалы:
Следующие учебники и книги:
- География, 6 класс, Соатов А., Абдулкасымов А., Миракмалов М., 2017
- Geogrаfiyа, 5 klas, G’ulаmov P., 2015
- География, 5 синф, Fуломов П.Н., Курбонниёзов Р., 2015
- География, 10 синф, Шарипов Ш.М., 2017
Предыдущие статьи:
- География, 10 класс, Шарипов Ш.M., Федоркo В.Н., Сафаровa Н.И., Рафиков В.A., 2017
- Geografiýa, 10 synp, Şaripow Ş.M., Fedorko W.N., Safarowa N.I., Rafikow W.А., 2017
- География, 6 синф, Соатов А., Абдулқосимов А., Миракмалов М., 2017
- Geografiýa, 6 synp, Soatow A., Abdulkasimow A., Mirakmalow M., 2017