Учебник по изобразительному искусству для 6 класса на казахском языке.
Құрметті оқушылар! 6-сыныптың «Бейнелеу өнері» оқулығымен сен бейнелеу өнерінің неғұрлым қызықты және заманауи жақтарын өзің үшін ашасың. Заманауи бейнелеу өнерінің алуан түрлілігі мен сиқырлы әлемі саған өз құпияларын ашады. Оқулықтың көмегімен сурет салудың fluid art, pop art, 3D, «Doodling» және «Zentangle» сияқты жаңа әдістері, кинетикалық мүсін жасау техникасы, компьютерлік графикада бейне жасау тақырыптары бойынша білім мен дағдыларға ие боласың.
Бұл оқулық сенің көркем эстетикалық талғамыңды қалыптастырады, шығармашылық ойлауыңды дамытады, инновациялық идеяларды жасауға үйретеді және өнер-кәсіпті меңгеруге бағыттайды.
«Бейнелеу өнері» оқулығын тиянақты оқу және өзіндік шығармашылық жолда сәттіліктер тілейміз!
