Учебник по истории для 11 класса на казахском языке.
Қадірлі оқушылар!
“Дүние діндері тарихы” пәнін оқып-үйрену барысында өз сенім-нанымдарың қандай болуына қарамастан, өзге діндерді кемсітпеуге, өзгелердің діни сезімдерін құрметтей білу ережелеріне мойынсұнуға тиіссіңдер. Оқулықтағы тақырыптар бөлімдерге бөлінген. Әрбір бөлімнен оқулықта үйренілетін негізгі ұғымдар, тақырыпқа байланысты қосымша мағлұматтар, ғұламалар мен ұлы мемлекет қайраткерлерінің өнегелі пікірлері, қызықты фактілер, шығармашылық қызмет және өтілгендерді пысықтауға арналған сұрақтар орын алған. Мәтінде кездесетін кейбір терминдердің түсіндірмесін кітап соңында берілген сөздіктен біліп алуларыңа болады.








