Учебник по истории для 11 класса на казахском языке.
Дүние тарихының 1991 жылдан басталған кезеңінде дүниенің əлеуметтік-саяси жəне экономикалық жүйесінде үлкен өзгерістер орын алды. Бұл дəуірде қоғам өмірінің барша салаларына күшті əсер еткен фактор ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа басқышы – компьютер-ақпарат төңкерісі болды. Бұл төңкерістің əсері негізінде дамыған мемлекеттерде цивилизацияның индустриалды басқышынан постиндустриал, ақпарат басқышына өту басталды.
Аталмыш оқулық сол дəуір оқиғаларын баяндаумен қатар, қоғам өркениетінің қазіргі басқышын талқылау жəне еркін өмірге қадам басу қарсаңында тұрған. Сен оқушыларға өз өмірлік болашағын белгілеп алу мүмкіндігін беретін білімдерді қалыптастырады. Бұл білімдер дүние халықтары мəдениетінің əрбірі өзіне тəн құндылығын, гуманизм жəне отансүйгіштік жақтары, азаматтық қоғамы мен құқықтық мемлекет идеяларына негізделген жалпыадамилық құндылықтарды танып білуге көмектеседі. Қоғам өркендеуінің қажетті заңдылықтарын біліп алу, дамудың өзіне тəн жолдарын түсіну мен болашақтары туралы көз алдына елестетуге ие болу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ алған білімдерің жетекші мемлекеттердің тарихи тəжірибесін Өзбекстанда шығармашылықпен қолдануға көмек береді.








