Книги по истории для 10 класса на казахском языке.
Аталмыш оқулықта жаңа дәуірдің соңғы кезеңі және ең жаңа дәуірде болған маңызды оқиғалардың баяндалуымен бірге, қоғам өркендеуінің қазіргі кезеңі, сондай-ақ бүгінгі күнде дүние сахнасында болып жатқан кейбір оқиғалардың келіп шығу себептерін талқылау мүмкіндігін беретін және оқушыларды тәуелсіз пікірлеуге үндейтін, олардың дүниетануын кеңейтіруге қаратылған тарихи мәліметтер келтірілген. Бұл мәліметтер әлем халықтары мәдениетінің әрбіреуі қайталанбас және бірегей екендігін, адамгершілік пен отансүйгіштік факторлары, азаматтық қоғамы мен құқықтық мемлекет идеяларына негізделген жалпыадамилық құндылықтарды танып білуге көмектеседі. Дүние және қоғам өркендеуінің қажетті заңдылықтары мен өзіне тән жолдарын біліп алу және болашақ туралы ой-пікірлеріне ие болу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ озат мемлекеттердің тарихи тәжірибесін Өзбекстанда шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік беретін білімдерді қалыптастырады.








