Учебник по истории для 10 класса на казахском языке.
Тарих сабақтары. Тарих халыққа сабақ және ілім береді. Тарихты білместен болашақты түсінуге болмайды. Әрбір адам, әрбір халық өзінің өткені мен басынан кешіргендерін ата-бабалары жасаған тарихи кітаптарды терең оқу, үйрену және зерттеу арқылы біліп алады. Тарих адамның ақыл-парасаты мен ой-санасының бір баға жетпес және тамаша өнімі, оның рухани құдіреті және көмегі арқылы біз барлық өткен замандардың адамдарына шын қолдаушы және пікірлес боламыз, өткен ғасырлар шежіресінің бүкіл үдерістерімен, күрестері және қарамақайшылықтарымен көз алдымызға келтіреміз Адам тарихтан тәлімтәрбие алады, тарих үлкен сабақ береді. Тарих сабақтарынан өзіне тиісті қорытынды шығара алмаған, кешегі күнін жақсы білмеген ұлттың болашақтағы тағдыры айдан-анық. Аталмыш өзбек прогресшілі, жадид қозғалысының ірі өкілі Абдурауф Фитрат 1917 жылы тарихтан сабақ алу жөнінде былай жазған еді: “Тарих ұлттардың өткен кезеңін, өркендеуін және күйзеліске ұшырауының себептерін зерттейтін ғылым “.








