Тәрбие, 11 сынып, Кенжаев Д., Исматова Н., Исломов З., 2021.
Учебник по воспитанию для 11 класса на казахском языке.
Жуық арада тәуелсіз өмірдің босағасын аттайсың. Сені алда күнделікті өмірдің қарапайым сынақтары мен таңғажайып соқпақтары күтіп тұр. Себебі бұл өмірде жақсылық пен жамандық, өтірік пен шындық, адалдық және арамдық деген сияқты түсініктер көптеп кездеседі. Олар әрқашан қатар жүреді. Өмір міне, осындай саналуандығымен құпияға толы. Көз алдыңа елестет, алғаш рет қиын жағдайға тап болдың және оны қалай жеңуді білмей тұрсың қиындыққа қарсы күресу үшін өзіңде күш-құдірет таба алмадың. Осындай жағдайда сен кімге немесе неге жүгінесің?
Шүбәсіз, мұндай кездерде ата-анаң мен жақындарыңның шынайылық пен пәктікке негізделген жеке ғибраты, ұлағатты ұстаздарыңның мейірбандық пен талапшаңдыққа бағытталған білім және үгітнасихаттары көмектеседі. Он бір жыл бойы басқа пәндердің қатарында “Тәрбие” оқулығынан алған саналы тәрбие, сондай-ақ білім және дағдыларың көмекке келеді.
