География, 9 сынып, Қаюмов А., Сафаров И., Тілләбаева М., Федорко В., 2019.
Учебник по географии для 9 класса на казахском языке.
Сен төменгi сыныптарда «Табиғи географияның бастауыш курсы», «Материктер мен мұхиттардың табиғи географиясы», «Орта Азия мен Өзбекстанның табиғи географиясы», «Өзбекстанның экономикалық жəне əлеуметтiк географиясы» курстарында география пəнiнiң негiзгi заңдылықтарымен түбегейлi танысып шықтың. 9-сыныпта оқытылатын «Дүние жүзiнiң экономикалық жəне əлеуметтiк географиясы» курсының экономикаға, саясатқа, мəдениет пен руханиятқа, қысқаша айтқанда, өмiрдiң барлық салаларына дерлiк белгiлi дəрежеде қатысы бар. Аталмыш пəн оқушыларға дүние жүзіне жəне оның кейбір бөліктеріне тəн қайталанбас географиялық ерекшеліктерді көрсететіндігімен, экономикалық-əлеуметтiк даму үдерісі мен заңдылықтары туралы толық мəлiмет беретiндiгiмен маңызды.
Оқулықтың негiзгi мақсаты – Сендерге, қадірлі оқушыларға дүние жүзiнің жəне оның ірі мемлекеттерінiң экономикалық жəне əлеуметтiк географиясына орай заманалық бiлiм беруден, өз бетiмен білім алуға жəне оны іс жүзiнде қолдана бiлуге үйретуден тұрады.