Музыка әлеміне қош келдің! Бұл ғажайып әлемде сен музыканы түсінуді, музыка туралы әңгімелеуді және ән айтуды үйренесің. Туған Қазақстанның көрікті жерлеріне арналған әндермен танысасың. Жаңа достармен табысасың.
Музыка әлемі – әсемдік әлемі. Музыка сенің жан дүниеңді тербетеді, ойыңды шарықтатады, қиялыңды шыңдайды.
Музыка әлеміне сапарың сәтті болсын!
