Учебник по музыке для 2 класса на казахском языке.
Музыканың сиқырлы әлеміне саяхатымыз жалғасуда. Сені осы оқу жылында көптеген жаңа және қызықты мәліметтер күтеді. Сен әуеннің не екенін, ән, ширек және жарты нотаны, музыкалық өлшемдерді түсінуді үйренесің. Сыбызғы, қобыз сияқты ұлттық аспаптарымыздың үнінен ләззат ала аласың. Сен бірнеше музыкалық терминдермен танысып, музыканы жақсы түсіне бастайсың.
Отанымыз, әсем табиғатымыз, достығы мен татулығы туралы көптеген әуендер мен әндерді тыңдайсың, ән айтуды және сүйемелдеуді үйренесің. Сен сондай-ақ ойлауға, ойлап табуға және ізденуге бағытталған тапсырмаларды орындайсың.
