Учебник по математике для 10 класса на казахском языке.
Фрагмент из книги:
Жиын математикадағы бастапқы ұғымдардың бірі болып, оған оның өзінен қарапайымдау ұғымдар арқылы анықтама беруге болмайды. Өмірде белгілі бір объектілер кешеніне біртұтас зат ретінде қарауға тура келеді. Мысалы, биолог белгілі бір өлкедегі өсімдіктер мен жануарлар әлемін үйреніп, оларды түрлер бойынша, түрлерді ұрықтар бойынша топтарға ажыратып шығады. Әрбір түр біртұтас бүтін деп қаралатын тірі табиғат кешені.
Жиын кез келген түрдегі нысандардан құралған болуы мүмкін. Мысалы, Азия құрлығындағы барлық өзендер немесе сөздіктегі барлық сөздер жиын болады.
