Учебник по праву для 8 класса на казахском языке.
Фрагмент из книги:
Елімізде соңғы жылдары осындай өзгерістер, жаңарулар байқалуда. Бұл өзгерістердің сан алуандылығына, көлемінің кең екеніне таңғаласың. Қысқа уақытта бой көтерген ғимараттар мен зәулім сарайлар, жұмыс бастаған зауыттар және фабрикалар, пайдалануға тапсырылып жатқан білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, демалыс, спорт, өнер, мәдениет орындарының барлығы халық үшін, сен және біз үшін құрылуда. Соңғы жылдары, тәуелсіздік алған дәуірден, әсіресе, қазіргі кезде алғаш рет азаттықтың не екенін аңғартатын идея — адам мүддесін мемлекетіміз қызметінің негізіне айналдыру идеясы алға тартылуда.
