Учебник по информатике для 5 класса на казахском языке.
Ғылым мен техника, əсіресе ақпарат технологиялары жедел қарқынмен дамып келе жатқан бүгінгі таңда əрбір адам өз өмірінде маңызды рөл атқаратын білімдер мен дағдыларға ие болуы керек.
Дербес өмірге батыл қадам басу, айналада болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардан қалып қоймау үшін əрбір оқушы төмендегідей біліктер мен дағдыларды меңгеруге тиіс:
– жаңа білімдерді іздестіру;
– берілген тапсырмаларды, мəселелер мен жаттығуларды орындауды сыныптас достарымен ынтымақтаса отырып жүргізу;
– білімдерді иелеу, тапсырмаларды, мəселелер мен жаттығуларды шешу ісінде компьютерді тиімді пайдалану.
Сендер 5-сыныпта «Информатика» пəнімен алғаш рет танысып отырсыңдар. Енді информатика сабақтарында жаңа ұғымдарды үйренесіңдер, мəселелер мен тапсырмаларды орындау үдерісінде компьютерді ұтымды пайдаланатын боласыңдар.
Информатика пəні айнала төңіректе, сенің көз алдыңда болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды жақсырақ түсініп алуыңа, жаңа білімдерді игеруде саған ең жақын көмекші болып қызмет етеді деп үміттенеміз.








